Ермаганбетова Асем Аскаровна
№78 «Асыл» балабақшасы МКҚК
Инновация әдіскері
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында сәтті жүзеге асырылуда. Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарының жыл сайын ерекше дәріптеліп, тәрбие жүйесіне ендірілуі – қуантады. 2025 жылдың 17 қарашасында №78 «Асыл» балабақшасында ересек «Қазына» тобының тәрбиешісі Байоразова Айгүл Амантайқызы «Ұлттық құндылық – халқымның қазынасы» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараның тәрбиелік маңызы ерекше. Ашық іс-әрекетке педагог «Сыр сандық», «Шаңырақ» ойындарын , сондай-ақ шығармашылық орталықтарын «Суретшілер орталығы», «Құммен ою салу», «Киім шеберлері», «Аспазшылар» секілді танымдық және дамытушы ойын алаңдарын әзірледі. Тәрбиеленушілер ойынмен ғана шектелмей, өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, мақал-мәтелдер айтып, суреттерден сөйлемдер құрап, жаңылтпаштарды жатқа орындады. Іс-әрекет мазмұнын бүлдіршіндерге түсінікті әрі қызықты жеткізу мақсатында педагог ұлттық ойындар, ою-өрнек, ұлттық дастархан элементтерін, көрнекіліктерді талапқа сай дайындап, тиімді қолдана білді. Айгүл Амантайқызы – еңбекқор, шығармашыл, жауапты маман. Әр баланың зейініне ерекше мән беріп, жаңашылдыққа ұмтылатын, өз ісіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайтын педагог.
Педагог өзін кәсіби тұрғыдан дамытып, білімін жетілдіруге ұмтылатын жаңашыл маман ретінде танылған. Оның топ бөлмесінің безендірілуі, ақпараттық бұрыштардың сауатты ұйымдастырылуы, ата-аналарға арналған кеңестердің жүйелі берілуі – педагогтің жауапкершілігі мен шығармашылық көзқарасының айқын дәлелі. Сонымен қатар әр жыл мезгіліне арналған тақырыптық көрмелер, мерекелік бұрыштар мен балалардың жұмыстарынан құралған галереялар үздіксіз жаңартылып отырады.
Топ тәрбиеленушілерінің педагогке деген сүйіспеншілігі мен сенімі олардың әр тапсырманы ықыласпен, ұқыптылықпен орындауынан көрінеді. Бұл – педагог еңбегінің жемісі және білім беру ұйымына қосқан маңызды үлесі. Айгүл Амантайқызы ұлттық ойын, ұлттық киім, ұлттық тағамдармен ғана шектелмей, ата-бабамыздан қалған ізгі тәрбиені: сыпайылық, үлкенді құрметтеу, қыз бала мен ер баланың өзін-өзі ұстау әдебі, мәдениетті қарым-қатынас жасау сияқты құндылықтарды балалардың күнделікті өміріне сіңіруде жүйелі жұмыс жүргізуде.
Тәрбиеші – Байоразова Айгүл Амантайқызы
https://78asyl.edugov.kz/kz/memlekettik-satyp-alu-bojynsha-ma-alalar/151-ltty-ndyly-ty-d-ripteu-pedagog-sheberligimen-ndesken-zh-mys.html#sigFreeIdb9695b6060
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Устав 78 Асыл | |
| 2 | Медициналық кабинет лицензиясы |










