МКҚК №78 «Асыл» балабақшасында ересек, мектепалды топтар арасында «Гүлдер әлемі» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында бүлдіршіндер гүлдер әлеміне саяхат жасап, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Гүлдерді танып, жұмбақтар шешіп, шығармашылық жұмыстар жасап, әсем гүлдер бейнесін сахнада көрсетті.

Балалар өздерінің тапқырлығын, шығармашылығын, өнері мен белсенділігін танытып, сайысқа көтеріңкі көңіл күймен қатысты.

Шараның мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, гүлдер туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту.

Барлық қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!

Бүлдіршіндеріміз әрдайым гүлдей жайнап, шығармашылық жетістіктерге жете берсін!

«Гүлдер жайнасын, балалар шаттансын!»